Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Блокадалық нан» акциясы ұйымдастырылды.
06
февраль
2025
«Блокадалық нан» акциясы ұйымдастырылды.
   2025 жылдың 06 ақпан күні, «Блокадалық нан» акциясы ұйымдастырылды. «Блокадалық нан» — бұл 125 грамм салмақтағы нанның бір бөлігі, 1941–1942 жылдардың қысында Ленинградтағы ең қиын кезеңде нан беру нормасының ең төменгі мөлшері. 27 қаңтар күні біз Ленинград блокадасынан өткендер мен қаланы қорғаған жауынгерлерге құрмет көрсетеміз. Ленинград үшін шайқас Ұлы Отан соғысындағы ең маңызды және ұзаққа созылған шайқастардың бірі, қаланы қорғаушылардың батылдығы мен жанқиярлығының символы
2025 жылдың 17 қаңтар күні, «Адал ұрпақ» клубының жоспарына сәйкес, «Адалдықты мұра еткен -  Ұлы Абай» тақырыбында адалдық сағаты жүргізілді
17
январь
2025
2025 жылдың 17 қаңтар күні, «Адал ұрпақ» клубының жоспарына сәйкес,
      «Адалдық сағаты» оқушыларға жақсы біліммен қатар, әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарының маңызын түсіндіреді. Ұлы данамыз Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы». Біздің мектепте де, өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне, адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге бағытталған бірқатар жүйелі жұмыстар да атқарылып жатыр. Оған дәлел, мектебімізде «Жемқорлыққа – жол жоқ!» деген ұран ұстанатын «Адал ұрпақ»
Тәуелсіздік мерекесінің 33-жылдығына орай тарихи кездесу болып өтті.
11
декабрь
2024
Тәуелсіздік мерекесінің 33-жылдығына орай тарихи кездесу болып өтті.
 2024 жылдың 11 желтоқсан күні, Тәуелсіздік мерекесінің 33-жылдығына орай тарихи кездесу болып өтті. Мерекелік жиынға желтоқсан оқиғасына қатысушылар Амиржанов Басбатыр Сундетбайұлы, Жумабеков Байдилда Бакбергенович қонақ ретінде шақырылды. Келелі кездесуде сөз алған ардагерлер өздерінің өмірлерінен сыр шертіп, бүгінде тарих төрінен орын алған Тәуелсіздікке қалай жеткені жайлы қызықты оқиғаларын айтып берді
«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылды
04
декабрь
2024
«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылды
    2024 жылдың 04 желтоқсан күні, «Шабыт» жобасы аясында, оқушыларды өздерінің жетістіктері арқылы еліне, қоғамға пайдасын тигізуге ынталандыру. Патриоттық сезімді оятып, жауапкершілік азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында, «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге орналастырылды. Оқушылар өздерінің жетістіктері туралы баяндап, оларды елге қызмет ету және Отанымыздың дамуына үлес қосу мақсатында арнайтынын жеткізді.
«Достық қолын соз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді
19
ноябрь
2024
«Достық қолын соз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді
19  қараша күні 5 пен 7 сыныптар арасында   ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын акциясы аясында «Достық қолын соз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, еңбектеріне қолдау көрсету.5 пен 7 сыныптар арасында дайындаған суреттер өз деңгейлеріне сай бағаланды. Оқушылардың дайындаған шығармашылық жұмыстарын тексеріп үздік шыққан суреттерге номинациялар  беріліп, марапаттау шарасы өтті. Марапатауға Қ.А.Яссауи атындағы №123  мектеп-гиназия директоры Ашимбаева Б.М.