«Саламатты мектеп» жобасы
Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында «Саламатты мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Жоба аясында оқушылардың физикалық белсенділігін арттыруға, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, психологиялық саулықты қолдауға және зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Біз балалардың дені сау,