Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімім – Отаныма» соңғы қоңырау салтанатты іс -шарасы
25
май
2026

«Білімім – Отаныма» соңғы қоңырау салтанатты іс -шарасы

     25 мамыр күні мектебімізде «Білімім – Отаныма» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл мереке – түлектердің мектеп өміріндегі ең маңызды әрі ұмытылмас күндерінің бірі болды.
    Салтанатты жиында 11-сынып оқушыларына арналған ақжолтай тілектер айтылып, олардың оқу мен қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері ерекше атап өтілді. Түлектер мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәлім-тәрбиелерінің болашақ өмірлеріне берік негіз болатынын жеткізді.
Іс-шара барысында оқушылардың әсерлі әндері шырқалып, жүрек тебірентер би қойылымдары ұсынылды. Түлектер өздерінің сүйікті ұстаздарына және ата-аналарына шынайы алғыстарын білдіріп, естелік сөздерін арнады.
Соңғы қоңыраудың сыңғыры әр түлектің жүрегінде ерекше сезім мен жауапкершілік ұялатты. Бұл күн олардың балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан тарихи сәті ретінде есте қалды.
   Мектеп бітіруші жас түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, таңдаған мамандықтарының иесі атанып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосатын білікті азамат болуларына тілектеспіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: