Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге арналған құттықтау шарасы
02
сентябрь
2025

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге арналған құттықтау шарасы

2025–2026 оқу жылында мектеп директоры, оқу ісі меңгерушісі және тәрбие ісі меңгерушісі 1-сынып оқушыларын салтанатты түрде құттықтады. Құттықтау шарасы мектептегі алғашқы қоңырау күні ұйымдастырылды. Басшылық өкілдері бүлдіршіндерді мектеп табалдырығын алғаш аттауларымен құттықтады. Оқушыларға білім жолындағы алғашқы қадамдарының сәтті болуын тіледі. Мектеп директоры оқу мен тәрбие әрдайым қатар жүретінін атап өтті. Оқу ісі меңгерушісі оқушыларды жауапкершілікке, ынта-жігерге шақырды. Тәрбие ісі меңгерушісі әдептілік пен тәртіптің маңызын түсіндірді. Ата-аналарға көрсетіп отырған қолдаулары үшін алғыс білдірілді. Оқушыларға мектеп ережелері қысқаша таныстырылды. Жаңа оқу жылына сәттілік пен табыс тілектер айтылды. 1-сынып оқушыларына мектеп өмірі қызықты әрі мазмұнды болатыны айтылды. Балалардың бойына білімге деген сүйіспеншілік қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді. Құттықтау сөздер оқушыларға ерекше қуаныш сыйлады. Бүлдіршіндер мектеп ұжымының жылы лебізін сезінді. Бұл шара 1-сынып оқушылары үшін есте қаларлық, маңызды сәт болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: