02
сентябрь
2024
Алғашқы қоңырау 2024-2025
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры Ашимбаева Бағила Мәсімақынқызы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап қонақтар сөз сөйледі. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, «Менің Отаным – Қазақстан!» атты алғашқы білім күні сабағына қатысты.