Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың жарқын жазына жол ашқан «Балдәурен»
01
июнь
2026

Балалардың жарқын жазына жол ашқан «Балдәурен»

Мектебімізде оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері салтанатты түрде ашылды. Лагерь балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақыттарын пайдалы өткізуге бағытталған. Лагерьдің ашылу рәсімі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, мерекелік бағдарламамен ерекшеленді. Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі оқушыларды жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, лагерьдің маңызы мен алдағы жоспарларына тоқталды. Оқушылар әтүрлі қызықты ойындар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысты. Сонымен қатар балаларға арналған танымдық бағдарламалар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.

    «Балдәурен» лагерінің басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу де негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта лагерьде спорттық сайыстар, интеллектуалдық ойындар, мәдени-көпшілік шаралар, шеберлік сабақтары және тәрбиелік мәні зор кездесулер өткізу жоспарланған.

Толық ақпарат: 
                         2. https://www.instagram.com/reel/DZFIU7pIweT/?igsh=NmMxajJ5ajg5MWpy

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: