Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бірлігі жарасқан елдің балалары»
30
апрель
2026

«Бірлігі жарасқан елдің балалары»

   1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-сынып оқушылары арасында ұлттық би билеу іс-шарасы өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық мәдениетті дәріптеу, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың билерін орындап, өз өнерлерін көрсетті. Әрбір би ерекше дайындықпен, ұлттық нақыштағы киімдермен сүйемелденіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және көпұлтты еліміздің бірлігін қадірлеуге ықпал етеді. Шара барысында оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы және өнерге деген қызығушылығы айқын байқалды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас үлгісін көрсете білді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.                                                                    Толық ақпарат: https://www.instagram.com/reel/DX116EssDFa/?igsh=NmdlcTdka3FiMGQ1

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: