Тәуелсіздік мерекесі
2025 жылғы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараның өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, сахналық көріністер көрсетті. Тәуелсіздік мерекесіне арналған театрландырылған қойылым – ел тарихындағы ең қастерлі кезеңдерді сахна тілімен жеткізетін тағылымды өнер туындысы. Қойылымда халқымыздың азаттық жолындағы күресі, ата-бабамыздың ерлігі мен елге деген шексіз сүйіспеншілігі бейнеленеді. Тәуелсіздікке жету жолындағы қиындықтар мен жеңістер көрерменге терең ой салып, ұлттық рухты оятады. СоныменҚазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері кеңінен насихатталды.
Шара оқушылардың тарихи санасын дамытуға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге және елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды.
