Жас ұлан алға қадам бас қадам
Жас ұландар қатарына қабылдау рәсімі – бұл жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық жауапкершілік пен тәртіптілікке баулу мақсатында өткізілетін салтанатты іс-шара. Аталған рәсім барысында оқушылар «Жас ұландар» ұйымының қатарына қабылданып, ұйымның ережелерімен танысады, ант қабылдайды және ұйым мүшесі екендігін растайтын белгілермен марапатталады.
Рәсім жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне, ел қорғаны болуға дайын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Рәсім барысында жас ұландар ант беріп, ел болашағына жауапты азамат болуға уәде етті. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, тәуелсіз елдің лайықты мұрагері болуына жол ашады. Біз мектебіміздің жас ұландарына сенеміз!