Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты тәрбиелік іс-шара
13
март
2026

«Көрісу күні – Амал мерекесі» атты тәрбиелік іс-шара

     2026 жылдың 13 наурыз күні мектебімізде ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін таныстыру, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және достық пен сыйластықты қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар бір-бірімен және ұстаздарымен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Қазақ халқының көрісу дәстүрі туралы мәліметтер айтылып, ұлттық дәстүрдің мәні түсіндірілді. Оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өлең оқып, ән айтып, шағын көріністер көрсетті.
Іс-шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері белсенді қатысты. Шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіруге үлкен әсерін тигізді.
Қорытындылай келе, «Көрісу күніне» арналған бұл іс-шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.

Толық ақпарат:  https://www.instagram.com/reel/DV0nPAjDMG8/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: