02
март
2026
«Алғыс – асыл қасиет»мерекелік іс-шарасы
2026 жылғы 2 наурыз күні мектебімізде 1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – оқушылар арасында ризашылық, құрмет, сыйластық құндылықтарын насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Мерекелік күн аясында өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мектеп оқушыларын, мұғалімдерді және мектеп қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады. Оқушылар жүрекжарды тілектерін білдіріп, алғыс хаттар мен жылы лебіздер жазылған парақшалар таратты. Сонымен қатар, сыныптарда «Алғыс – асыл қасиет» тақырыбында шағын тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне деген ризашылық сезімдерін білдірді. Мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор болды.
Толық ақпарат: https://www.instagram.com/reel/DVYCypGjBXH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==