18
февраль
2026
«Көркем сөз – көрікті ой» атты аналар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы
Мектепте қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Көркем сөз – көрікті ой» атты аналар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – аналардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Мұқағали поэзиясын насихаттау, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Сайыс барысында қатысушы аналар ақынның өлеңдерін мәнерлеп, дауыс ырғағын сақтай отырып, сахналық мәдениетпен оқыды. Қазылар алқасы қатысушылардың шығарманы түсіну деңгейін, көркемдік шеберлігін, сахнада өзін ұстауын және дауыс мәнерін бағалады. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аналар белсенділік танытты. Қатысушылар Мұқағали жырлары арқылы ана махаббатын, туған жерге сүйіспеншілікті, адамгершілік пен ізгілікті терең жеткізе білді.
Қорытындысында үздік өнер көрсеткен аналар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Аталған іс-шара ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына, рухани байланыс пен шығармашылық ынтымақтастықтың артуына оң ықпал етті.