Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күніне арналған көрме
23
октябрь
2025

Республика күніне арналған көрме

Мектепте 25 - қазан Республика күніне арналған көрме мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің маңызын түсіндіру болды. Іс-шараға барлық сынып оқушылары белсене қатысты. Көрмеде Қазақстан Республикасының тарихына арналған материалдар ұсынылды. Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы мәліметтер дайындады. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер көрнекі түрде көрсетілді. Ұлттық нақыштағы суреттер мен қолөнер бұйымдары қойылды. Елбасы мен мемлекет қайраткерлеріне арналған бұрыштар безендірілді. Оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, түсіндіріп өтті. Көрме барысында патриоттық әндер орындалды. Тақырыпқа сай өлеңдер оқылды. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Көрме оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырды. Қатысушылар өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын көрсетті. Республика күніне арналған көрме тәрбиелік маңызы зор, әсерлі іс-шара болды.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: