19
май
2026
Педагогикалық кеңес: IV тоқсан қорытындысы
Мектеп ұжымында педагогикалық кеңестің отырысы өткізілді. Педагогикалық кеңес IV тоқсан қорытындысына және 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды. Кеңес барысында IV тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы, үлгерімі мен тәртібі жан-жақты талқыланды. Әр сынып бойынша мониторинг нәтижелері қаралып, білім сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Сонымен қатар, емтихан және қорытынды аттестаттау жұмыстарын ұйымдастыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау, оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу және мектепішілік құжаттаманы реттеу мәселелері қарастырылды. Оқу жылын қорытындылау кезеңіндегі негізгі міндеттер мен жауапкершіліктер нақты айқындалды.