Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құндылыққа негізделген білім – адал ұрпақтың жолы»
19
март
2026

«Құндылыққа негізделген білім – адал ұрпақтың жолы»

2026 жылдың 19 наурыз күні мектебімізде №4 педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: «Құндылыққа негізделген білім – адал ұрпақтың жолы». 

Өткізу күні: 19 наурыз 2026 жыл
Өткізу форматы: офлайн
Ұзақтығы: 90 минут

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, ұстаздар, хатшы. 

Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – тек білімді меңгерген емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, жауапкершілігі жоғары, адал тұлғаны қалыптастыру. Құндылыққа негізделген білім беру дегеніміз – оқушыларға тек пәндік білім берумен шектелмей, олардың бойында ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс. Бұл бағытта адалдық, әділдік, жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық сияқты қасиеттер ерекше маңызға ие.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 

  1. «Құндылыққа негізделген білім – адал ұрпақтың жолы» Баяндамашы: тарих пәнінің мұғалімі Жаныкулов Қ.О.

  2. ІІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысына талдау. Баяндамашы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абаганова Н.М.

  3. Білім ұйымындағы негізгі тиімділік көрсеткіштері (Key Performance Indicators)  Баяндамашы: директордың бейін бойынша орынбасары Шойбекова Р.М.

  4. Оқушылардың ғылыми қоғамдастығы жұмысының нәтижелері (ғылыми жобалар, конкурстар)
     Баяндамашы: директордың бейін бойынша орынбасары Шойбекова Р.М.
  5. BilimClass платформасының қолданылу жағдайы туралы. Баяндамашы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смаилова И.А.
  6. «Алтын белгі» және «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларды ұсыну. Баяндамашы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смаилова И.А.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: