12
январь
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Оқушыларға адалдық, еңбекқорлық және табысты болудың өзара байланысын түсіндіру, адал еңбектің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, еңбекке деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 1-11 сынып аралығында, жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға адалдық, жауапкершілік және әділдік құндылықтарын түсіндіру болды. Ашық сабақ барысында адамгершілікке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар адал азамат болудың маңызын талқылады. Сабақта өмірлік жағдаяттар мысалға алынды. Интерактивті әдістер қолданылып, оқушылар белсенді қатысты. Топтық жұмыстар арқылы өз ойларын еркін жеткізді. Сабақ оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды. Құндылықтарға негізделген тәрбие берілді. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.
