Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік жиналыс
13
апрель
2026

Мектепішілік жиналыс

 Мектебімізде ұстаздар қауымына жиналыс өтті. Жиналыс барысында бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды. 

1. Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбеков Ә.Е. оқушылардың сабаққа қатысу тәртібі бойынша баяндама жасады. Кейбір оқушылардың себепсіз сабақ босатуы мен кешігу жағдайлары бар екені айтылды. Осыған байланысты сынып жетекшілеріне бақылауды күшейту және ата-аналармен байланысты нығайту тапсырылды.

2. Оқу үлгерімі туралы
Оқу меңгерушісі Смаилова И.А. оқушылардың оқу үлгеріміне талдау жасап, білім сапасының көрсеткіштерін таныстырды. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу, қосымша сабақтар ұйымдастыру және оқу сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

3. Мектептегі психологиялық ахуал туралы
Мектеп  педагог - психологы Абизова М.Б. оқушылар арасындағы психологиялық ахуалға тоқталып, олардың қарым-қатынасы мен эмоционалдық жағдайын жақсарту, буллингтің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.


Жиналыс барысында айтылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: