"Психология - жанға жылу, жүрекке демеу" психология апталығының ашылуы
2025 жылдың 25 желтоқсан күні Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектебінде білім алушылардың психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, жағымды қарым-қатынас орнату және тұлғалық дамуына қолдау көрсету мақсатында «Психология – жанға жылу, жүрекке демеу» тақырыбында психология апталығы өткізілді.
Психология апталығы аясында оқушылармен, педагогтермен және ата-аналармен түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Жан дүнием – айнасы», «Жылы сөз – жанға шипа» тренингтері, психологиялық ойындар, кеңестер, сауалнамалар, арт-терапия элементтері бар жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылардың күйзеліс деңгейін анықтауға арналған диагностика, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған пікір алмасулар, эмоционалдық интеллектіні қалыптастыруға арналған сабақтар өткізілді. Апталық барысында психологиялық ақпараттық стендтер безендіріліп, жадынамалар таратылды. Іс-шараларға қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Психология апталығы оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыруға, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және мектеп ұжымында өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.