«Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі»
6 қазан күні Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназиясында "7 қазан - Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай 8–11 сынып оқушыларына арналған «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтау мен нығайтудың жолдарын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және оқушылардың жеке жауапкершілігін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану, жеке гигиена, психологиялық саулық, сондай-ақ темекі, алкоголь, есірткі және интернетке тәуелділіктің зияны туралы мәліметтер берілді. Тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, пікірталас ұйымдастырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды, сұрақтарға жауап берді. Салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі рөлі талқыланып, пайдалы кеңестер ұсынылды.
Тәрбие сағатының қорытындысында оқушыларды денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және белсенді өмір салтын ұстануға шақыру мақсат етілді.