Денсаулық фестивалі -2024
2024 жылдың 4-қыркүйек күні білімалушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Денсаулық фестивалі -2024 "Сау бол, жүз жаса!" ұранымен дене шынықтыру мұғалімдері атсалысуымен 7-8 сынып білімалушылары арасында ашық алаңда ұйымдастырылып өткізілді. Фестивальдың мақсаты: белсенді өмір салтын жүргізуге, өмірдің барлық кезеңдерінде ғана салауатты өмір салтына деген ұстанымдарын қалыптастыру арқылы және отбасылары үшін денсаулық пайдасына таңдау жасауға және шешімдер қабылдауға көмектесу ,әртүрлі жас санаттарындағы халықтың денсаулық үшін қозғалыс белсенділігінің артықшылықтары, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту туралы хабардарлығын арттыру болып табылатынын ұғындыру көзделді. Іс-шара соңында белсенділік танытқан білімалушылар марапатталды.