Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Есірткі! Бұл біздің тақырыбымыз емес. Өміріңді барлық жағынан бағала!»
22
февраль
2024

«Есірткі! Бұл біздің тақырыбымыз емес. Өміріңді барлық жағынан бағала!»


 

https://www.instagram.com/p/C3mloJjsDp9/?img_index=1

2024 жылдың 21 ақпан күні, 8 «Е» және 9 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, «Есірткі! Бұл біздің тақырыбымыз емес. Өміріңді барлық жағынан бағала!» тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: Жастарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Оқушылар кездесу барысында қазіргі жайғдайдағы есірткі заттарының таралу мәселесі мен оның алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы, синтетикалық есірткілердің зияндығы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Дөңгелек үстелде айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткіден аулақ болуға шақыру міндеттелді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: