Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қиын бала емес - ерекше қажеттілігі бар бала
30
декабрь
2025

Қиын бала емес - ерекше қажеттілігі бар бала

 2025 жылдың 30 – желтоқсан күні  педагогикалық кеңес аясында «Қиын бала емес – ерекше қажеттілігі бар бала» тақырыбында психологиялық-педагогикалық іс-шара өткізілді. 

    Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтер арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға деген көзқарасты өзгерту, олардың мінез-құлқындағы қиындықтардың себебін түсіндіру және қолдау көрсету жолдарын көрсету болды.

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, педагог-психолог, логопед-дефектолог

Жауаптылар: педагог-психолог, логопед-дефектолог

Іс-шара барысында педагог-психолог ерекше қажеттілігі бар балалардың психологиялық ерекшеліктері, эмоционалдық күйі, мінез-құлықтағы қиындықтардың пайда болу себептері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар мұғалімнің қолдаушы позициясының бала дамуына тигізетін әсері талқыланды. Қатысушылармен интерактивті жаттығулар жүргізіліп, «қиын бала» ұғымының орнына «ерекше қажеттілігі бар бала» деген түсінікті қалыптастыруға бағытталған пікір алмасу ұйымдастырылды.

Логопед-дефектолог өз сөзінде сөйлеу, оқу-жазу, қабылдау және дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын таныстырды. Мұғалімдерге сабақ барысында қолдануға болатын қарапайым әдіс-тәсілдер, бейімдеу жолдары және түзете-дамыту жұмысының маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шара соңында ерекше қажеттілігі бар балалармен тиімді жұмыс жүргізудің негізгі қағидалары атап өтіліп, мұғалімдерге практикалық ұсыныстар берілді. Қатысушылар іс-шараның мазмұнды, тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болғанын атап өтті.

Қорытынды:

Аталған іс-шара педагогтердің инклюзивті көзқарасын қалыптастыруға, ерекше қажеттілігі бар балаларды түсіну мен қолдауға бағытталған кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Алмабаева А.А. 

Педагог-психолог: Абизова М.Б., Аскерова Е.Р. 

Логопед-дефектолог: Ілияс А.А., Жумаханова Ж.С.

   


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: