Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші тоқсандық қорытынды жиналысы
27
октябрь
2025

Бірінші тоқсандық қорытынды жиналысы

       2025–2026 оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 27 қазан күні Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназия мектебінде педагогикалық ұжыммен жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты – бірінші тоқсандағы оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін саралау, білім сапасы мен оқу үлгерімін талдау, анықталған кемшіліктерді жою және келесі тоқсанға арналған міндеттерді айқындау.

Жиналыс барысында мектеп оқу ісі меңгерушісі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы, оқу үлгерімі, сабаққа қатысу көрсеткіші туралы баяндама жасады. Пән мұғалімдерінің есептері тыңдалып, пәндер бойынша үлгерім деңгейі талданды.

Сонымен қатар, оқу құжаттарының жүргізілуі, күнделік пен журнал толтыру талаптары, оқушылардың тәртібі, қауіпсіздік ережелерін сақтау, педагогтердің жауапкершілігі мен кәсіби міндеттері қарастырылды. Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін түзету жұмыстары бойынша ұсыныстар берілді.

Жиналыс қорытындысында білім сапасын арттыру, әдістемелік жұмысты күшейту, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын жүйелеу және екінші тоқсанда оқу-тәрбие процесін жетілдіру туралы шешімдер қабылданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: