22
декабрь
2025
Кішкентай жүректерге қуаныш сыйлаған "Жаңа жылдық ертеңгілік" 🎄
2025 жылғы желтоқсан айының 22-26 күндер аралығында мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған "Кішкентай жүректерге қуаныш сыйлаған "Жаңа жылдық ертеңгілік" атты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кешке мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар тақпақтар айтып, ән айтып, би билеп, түрлі көріністер көрсетті. Бұл мереке балалардың жүзінен шынайы күлкі мен қуанышты көре білуге мүмкіндік берді. Жаңа жыл – әр баланың асыға күтетін ғажайып мерекесі. Бүгінгі ертеңгілік сол арман мен үміттің орындалған сәтіндей әсер қалдырды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, тақпақтарын нақышына келтіре орындады. Әрбір қойылым балалардың дайындығы мен талпынысын айқын көрсетті. Ертегі кейіпкерлері балаларды сиқырлы әлемге жетеледі. Аяз ата мен Ақшақардың келуі мерекенің шырайын аша түсті.
Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Мерекелік кеш оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Жаңа жылды қарсы алу дәстүрін насихаттауға ықпал етті.