Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға арналған «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмі» жадынамасы
29
июнь
2026

Ата-аналарға арналған «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмі» жадынамасы

Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 18 маусымдағы хатына сәйкес, жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында ата-аналарға арналған «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмі» атты жадынама дайындалып, ата-аналар қауымына таратылды.

   Жадынамада балалардың су айдындарындағы, жол қозғалысындағы, тұрмыстық жағдайда, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі, сондай-ақ ата-аналардың бақылауын күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша негізгі ұсынымдар қамтылған.

    Жадынама ата-аналар чаты арқылы жолданып, мектептің ақпараттық ресурстарында жарияланды. Оның мақсаты – жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: