❄️ Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды
❄️ Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды
🔹 Оқу-ағарту министрлігі қысқы демалысты ұйымдастыру үшін өңірлерге «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсыныстар жіберді. Бұл ұсыныстар қауіпсіздік сабақтарын, білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды қамтиды.
✔️ Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе мереке күндері оқушылардың отбасымен уақыт өткізуіне ерекше көңіл бөлінеді.
❗️ Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көшелерде, сырғанақтарда, мұз айдындарында, су қоймалары маңында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде жәрмеңкелер мен жаңажылдық шыршаларда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
🔰 Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі де маңызды рөл атқарады. От пен электр құрылғыларын қолдану кезінде, жаңажылдық гирляндалар, шамдар мен бенгал шамдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.
📌 Еске сала кетейік, осы оқу жылында қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 10 күнге созылады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығында 7 күн қосымша демалыс беріледі.