18
июнь
2026
Білім жолының маңызды белесі – аттестат алу
2025–2026 оқу жылы мектеп өміріндегі тағы бір маңызды кезеңмен қорытындыланды. Биылғы оқу жылында 11-сынып оқушылары жалпы орта білім беру бағдарламасын толық меңгеріп, мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан сәтті өтіп, жалпы орта білім туралы аттестаттарға ие болды.
Мектеп қабырғасында білім алып, тәлім-тәрбие көрген түлектер үшін бұл күн – үлкен өмірге бастар жауапты қадамдардың бірі. Аттестат алу – олардың көп жылғы еңбегінің, ізденісінің, табандылығы мен білімге деген ұмтылысының нәтижесі. Оқу жылдары ішінде оқушылар түрлі білім сайыстарына, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, қоғамдық және мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, мектептің абыройын асқақтатуға өз үлестерін қосты.
Түлектерге аттестаттарды тапсыру барысында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы олардың жетістіктерін атап өтіп, алдағы өмір жолында сәттілік тіледі. Сондай-ақ оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, тәрбиесіне үлес қосқан ата-аналарға алғыс білдірілді.
Бүгінгі жас түлектер – еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Олардың әрқайсысы өз армандары мен мақсаттарына жетіп, қоғамның дамуына үлес қосатын білікті маман, саналы азамат болады деп сенеміз.
Мектеп ұжымы барлық түлектерді аттестат алуымен шын жүректен құттықтайды! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық, білім мен еңбектің арқасында биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.
Ақ жол, жас түлектер!