Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Табиғат менің көзіммен» – цифрлық сурет байқауы
11
май
2026
«Табиғат менің көзіммен» – цифрлық сурет байқауы
      Мектебімізде «Табиғат менің көзіммен» тақырыбында 5–7 сынып оқушылары арасында Paint графикалық редакторында сурет салу конкурсы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.       Конкурс барысында қатысушылар өз қиялдары мен шығармашылық идеяларын компьютерлік графика арқылы бейнелеп, табиғаттың әсем көріністерін, қоршаған ортаның
«Жас ұлан» әскери-спорттық жарысы – патриоттық рухтың жарқын көрінісі
06
май
2026
«Жас ұлан» әскери-спорттық жарысы – патриоттық рухтың жарқын көрінісі
   7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Жас ұлан» әскери-спорттық жарысы мектебімізде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше салтанатпен өтті. Бұл іс-шара оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, олардың дене дайындығы мен ұйымшылдығын арттыру мақсатында өткізілді.  Сайыс барысында оқушылар өздерінің саптық дайындығын, тәртібін, ептілігі мен батылдығын жан-жақты көрсете білді. Әрбір взвод жоғары деңгейдегі ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін танытып, нағыз әскери рухты
"Менің таңдауым - қауіпсіз болашақ" тақырыбында эссе жазылды
06
май
2026
"Менің таңдауым - қауіпсіз болашақ" тақырыбында эссе жазылды
  7–11 сынып оқушылары арасында «Менің таңдауым – қауіпсіз болашақ» тақырыбында эссе жұмыстары алынды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, саналы таңдау мен жауапкершіліктің маңызын көрсете білді. Әр эссе – жарқын болашаққа жасалған бір қадам. Жұмыс барысында оқушылар өмірлік құндылықтар, қауіпсіз мінез-құлық, зиянды әрекеттерден аулақ болу және өз болашағына жауапкершілікпен қарау туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, эсселерде қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, өз-өзіне
Құқық бұзушылықтың алдын алу - қоғам қауіпсіздігінің кепілі
05
май
2026
Құқық бұзушылықтың алдын алу - қоғам қауіпсіздігінің кепілі
    Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында 7–11 сынып оқушылары арасында Әуезов ауданының ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция аға инспекторы, полиция лейтенанты Б.Б.Жанболат және мектеп психологтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәмелетке
"Өмір қымбатсың маған" атты психологиялық тренинг
04
май
2026
"Өмір қымбатсың маған" атты психологиялық тренинг
Оқушыларға аутодеструктивті мінез-құлықтың (өз-өзіне зиян келтіру, қауіпті әрекеттерге бару) зияны туралы түсіндіру, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және қиын жағдайларда дұрыс көмек сұрай білу дағдыларын дамыту мақсатында мектеп психологтары 8 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында оқушыларға өмірдің құндылығы, эмоцияларды басқару жолдары, күйзеліс пен қиындықтарды еңсерудің тиімді тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, сенім телефондары мен көмек
«Бірлігі жарасқан елдің балалары»
30
апрель
2026
«Бірлігі жарасқан елдің балалары»
    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-сынып оқушылары арасында ұлттық би билеу іс-шарасы өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық мәдениетті дәріптеу, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың билерін орындап, өз өнерлерін көрсетті. Әрбір би ерекше дайындықпен, ұлттық нақыштағы киімдермен сүйемелденіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай
"Өз өмірің - өз қолыңда" профилактикалық сабақ
30
апрель
2026
"Өз өмірің - өз қолыңда" профилактикалық сабақ
Мектебімізде 7–11 сынып оқушылары арасында мектеп психологтары мен №15 емхана психологтары И.А. Илалова және С.Е. Андоспен бірлесе отырып «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында профилактикалық сабақтар өтілді. Сабақ барысында оқушыларға ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық жағдайға және әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсерлері түсіндірілді. Сонымен қатар, жауапкершілік, жеке шекараларды сақтау, өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыру мәселелері қарастырылып, қауіпсіз мінез-құлық
Яссауи тағылымы: ХХІ ғасыр құндылықтары мен құзыреттіліктері»  халықаралық ғылыми-практикалық конференция
24
апрель
2026
Яссауи тағылымы: ХХІ ғасыр құндылықтары мен құзыреттіліктері»
 Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында «Яссауи тағылымы: ХХІ ғасыр құндылықтары мен құзыреттіліктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Аталған іс-шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, Қожа Ахмет Яссауи мұрасының рухани-адамгершілік құндылықтарын қазіргі білім беру үдерісімен ұштастыруға бағытталды. Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары мен жас мамандар қатысты. Конференция
«OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы
22
апрель
2026
«OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы
Алматы қаласында OpenSchool жобасы аясында «Мектеп тәжірибесі: табысқа бастар жол» тақырыбында өткен бұл іс-шара білім беру саласындағы жас басшылар үшін маңызды кәсіби даму алаңына айналды. Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия базасында білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадрлық резерв өкілдеріне арналған «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы аясында қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізді. Қатысушылар
“Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ”  акциясы
20
апрель
2026
“Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ” акциясы
“Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ” акциясы аясында 8-сынып оқушылары сенбілік ұйымдастырып, мектеп ауласын тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Оқушылар айналаны қоқыстан тазартып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Сенбілік барысында олар ұйымшылдық танытып, ортақ іске жауапкершілікпен қарады. Мұндай шаралар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, тазалыққа және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Болашақ – таза ортадан басталады!  Толық