05
май
2026
Құқық бұзушылықтың алдын алу - қоғам қауіпсіздігінің кепілі
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында 7–11 сынып оқушылары арасында Әуезов ауданының ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция аға инспекторы, полиция лейтенанты Б.Б.Жанболат және мектеп психологтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, тәртіп сақтау, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, жағымсыз әрекеттерден аулақ болу және қиын жағдайларда заңды жолмен шешім қабылдау маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды, бұл олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.
Толық ақпарат: https://www.instagram.com/p/DX9IIJgiA0X/?igsh=anRxanRzdHg4eXQw