Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық қорғау саласына кәсіби бағдар беру кездесуі
10
февраль
2026

Құқық қорғау саласына кәсіби бағдар беру кездесуі

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ӘҚП кафедрасының доценті, полиция полковнигі А.Н. Санапиянова 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Академияға оқуға түсу шарттары мен талаптары туралы нақты ақпарат берілді. Болашақ мамандарға қойылатын физикалық және психологиялық талаптар таныстырылды. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары мен мамандану бағыттары туралы мәлімет ұсынылды. Оқушыларға курсанттардың оқу процесі мен күн тәртібі жайлы айтылды. Академиядағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді. Полиция қызметкерінің қоғамдағы рөлі мен міндеттері түсіндірілді. Қызмет барысында кездесетін қиындықтар мен артықшылықтар туралы ашық әңгіме жүргізілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кәсіби таңдаудың маңыздылығы мен болашаққа жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды. Патриоттық тәрбие мен Отанға қызмет етудің мәні ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, құқық қорғау саласында қызмет етудің абыройлы міндет екені жеткізілді. Кездесу оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырды. Іс-шара барысында академия туралы бейнематериалдар көрсетілді. Оқушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды. Кездесу мазмұнды әрі тағылымды өтті. Нәтижесінде бітіруші түлектердің құқық қорғау саласына деген қызығушылығы арта түсті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: