Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » XXIV «Білім және мансап» халықаралық көрмесі
21
ноябрь
2025

XXIV «Білім және мансап» халықаралық көрмесі

«Атакент» көрме орталығында 2025 жылдың қарашасында XXIV «Білім және мансап» халықаралық көрмесі өтті. Оған 9-11 сынып оқушылары, жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру ұйымдары қатысып, Алматы әкімдігінің қолдауымен білім беру бағдарламаларымен танысты. 
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды болашақ мамандықтармен таныстыру, кәсіби қызығушылықтарын анықтауға бағыт беру және саналы таңдау жасауына қолдау көрсету.
Көрме барысында оқушылар еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындары, колледждер, білім беру орталықтары ұсынған ақпараттармен танысты. Әр түрлі сала мамандықтары, оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, қабылдау талаптары туралы жан-жақты мәлімет алды. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, кеңес алып, кәсіби бағытта ой қорытуға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, болашаққа деген сенімін арттыруға үлкен ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: