20
январь
2026
FIZMAT Education Fair – 2026»
14 қаңтарда ФИЗМАТ қабырғасында өткен «FIZMAT Education Fair – 2026» білім көрмесі білімге ұмтылған жас өрендер үшін тағылымы терең, маңызы зор іс-шара болды. Көрмеге Маханова Гаухар Дуйсенбайқызымен бардық. Алып білім ордасында жиналған №123 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары әлемнің әр түкпірінен келген беделді жоғары оқу орындарының өкілдерімен жүздесіп, болашаққа бастар білім жолдары туралы құнды мәлімет алды. Бұл көрме жас зияткерлердің ой-өрісін кеңейтіп, арман-мұратын айқындап, үлкен ғылым мен биік мақсаттарға жетелеген рухани алаңға айналды.