26
февраль
2026
“Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдың алу”
Әуезов ауданы ПБ Тергуе бөлімінің бастығы орынбасары полиция подполковнигі Дарибаев Бекжан Батырханович және ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция испекторы Жанболат Бақкелді оқушылармен “Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдың алу” туралы түсіндірмелі дәріс оқыды. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінде қарастырылған жауапкершілік түрлері жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар 442, 127, 440-баптың 1-бөлігі, 435, 127-2 баптар бойынша құқықтық жауапкершілік пен оның салдары нақты мысалдар арқылы баяндалды. Мамандар құқық бұзушылықтың болашаққа кері әсері мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға бағытталды. Кездесу тәрбиелік әрі профилактикалық маңызы жоғары шара ретінде өз деңгейінде өткізілді.
