Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өз өмірің - өз қолыңда" профилактикалық сабақ
30
апрель
2026

"Өз өмірің - өз қолыңда" профилактикалық сабақ

Мектебімізде 7–11 сынып оқушылары арасында мектеп психологтары мен №15 емхана психологтары И.А. Илалова және С.Е. Андоспен бірлесе отырып «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында профилактикалық сабақтар өтілді. Сабақ барысында оқушыларға ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық жағдайға және әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсерлері түсіндірілді. Сонымен қатар, жауапкершілік, жеке шекараларды сақтау, өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыру мәселелері қарастырылып, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Нәтижесінде оқушылардың тақырыпқа деген түсінігі кеңейіп, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал жасалды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: