Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала қауіпсіздігі - өмір қауіпсіздігі»
01
апрель
2026

«Бала қауіпсіздігі - өмір қауіпсіздігі»

Оқушылардың жеке шекаралары мен зорлық-зомбылық түрлері туралы түсінігін қалыптастыру, зорлық әрекеттерін тану қабілетін дамыту және қауіпті немесе қолайсыз жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін қалыптастыру мақсатында «Бала қауіпсіздігі» бағдарламасы аясында, 1-11 сынып аралығында, жоспарға сәйкес қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға жеке шекараның маңыздылығы түсіндірілді. Әрбір оқушы өз құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау жолдарын білді. Зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық және кибер түрлері туралы ақпарат берілді. Оқушыларға қауіпті жағдайларды алдын ала байқау дағдылары үйретілді. Сабақта түрлі жағдаяттық тапсырмалар арқылы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Балалар өз ойларын ашық айтып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Оқушыларға сенім телефондары мен көмек сұрау жолдары таныстырылды. Әр сынып деңгейіне сәйкес бейімделген материалдар қолданылды. Сабақтар интерактивті форматта ұйымдастырылып, қызығушылықты арттырды. Балаларға өз сезімдерін тану және білдіру маңыздылығы түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелері күнделікті өмірмен байланыстыра түсіндірілді. Нәтижесінде оқушылардың қауіпсіздік мәдениеті мен жауапкершілік деңгейі артты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: