Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің таңдауым - қауіпсіз болашақ" тақырыбында эссе жазылды
06
май
2026

"Менің таңдауым - қауіпсіз болашақ" тақырыбында эссе жазылды

 7–11 сынып оқушылары арасында «Менің таңдауым – қауіпсіз болашақ» тақырыбында эссе жұмыстары алынды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, саналы таңдау мен жауапкершіліктің маңызын көрсете білді. Әр эссе – жарқын болашаққа жасалған бір қадам. Жұмыс барысында оқушылар өмірлік құндылықтар, қауіпсіз мінез-құлық, зиянды әрекеттерден аулақ болу және өз болашағына жауапкершілікпен қарау туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, эсселерде қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, өз-өзіне сенімді болу және мақсат қоя білу тақырыптары кеңінен көрініс тапты. Нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеті мен өзіндік көзқарасы дамып, тұлғалық қалыптасуына оң әсерін тигізді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: