Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табиғат менің көзіммен» – цифрлық сурет байқауы
11
май
2026

«Табиғат менің көзіммен» – цифрлық сурет байқауы

Мектебімізде «Табиғат менің көзіммен» тақырыбында 5–7 сынып оқушылары арасында Paint графикалық редакторында сурет салу конкурсы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
      Конкурс барысында қатысушылар өз қиялдары мен шығармашылық идеяларын компьютерлік графика арқылы бейнелеп, табиғаттың әсем көріністерін, қоршаған ортаның сұлулығын және экологиялық тақырыптарды суретке түсірді. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен, көркемдік шешімімен және мазмұндық тереңдігімен бағаланды.
     Оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және туған жердің көркемдігін насихаттау бағытында өз ойларын әсерлі жеткізе білді. Байқау жас суретшілердің цифрлық технологиялармен жұмыс жасау шеберлігін арттырып қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын дамытуға мүмкіндік берді. Конкурс соңында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: