02
апрель
2026
«Алматы – таза қала» бағдарламасы
«Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өз қаласын таза ұстаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Сынып сағаттары барысында оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Табиғатты аялау әр адамның азаматтық міндеті екені атап өтілді. Оқушылар қаланың тазалығын сақтауда өз үлестерін қосу жолдарын талқылады. Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу туралы мәліметтер берілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі қағидалары түсіндірілді. Балалар табиғатты ластаудың салдары туралы өз ойларын ортаға салды. Қала тазалығын сақтау – денсаулық кепілі екені айтылды. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдылары қалыптастырылды. Табиғатты қорғау тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.Оқушылар экологиялық жауапкершіліктің маңызын түсінді. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы міндет екені атап өтілді. Сабақ соңында оқушылар алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендерін көрсетті.