Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құстарға үй сыйла» акциясы өтті!
08
апрель
2026

«Құстарға үй сыйла» акциясы өтті!

«Құстарға үй сыйла» акциясы өтті!
Мектебімізде «Құстарға үй сыйла» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Шараның мақсаты – оқушыларды табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға баулу, сондай-ақ олардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыру.
Акция барысында оқушылар ерекше белсенділік танытып, өз қолдарымен құстарға арналған әсем әрі ыңғайлы ұялар жасап, оларды мектеп ауласына орналастырды. Әрбір жасалған ұя – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығының айқын көрінісі.
Сонымен қатар, шара барысында құстардың тіршілігі, олардың табиғаттағы маңызы туралы танымдық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар өз білімдерін толықтырды. Табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы екені кеңінен насихатталды.
Осындай игі шаралар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі арта түсуде. Бұл бастама болашақта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
🌱 Табиғатты бірге қорғайық!
🕊️ Құстарға қамқор болайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: