Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қыз баланың денсаулығы»
29
январь
2026
«Қыз баланың денсаулығы»
2026 жылғы 29 қаңтар күні "Қыз Жібек" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 6–7 сынып оқушы қыздарына арналған «Қыз баланың денсаулығы» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге арнайы №15 қалалық емханадан гинеколог-дәрігер шақырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірім қыздардың жас ерекшелігіне сай денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасы туралы түсінік беру, ағзадағы жасқа байланысты өзгерістер жөнінде дұрыс әрі ғылыми ақпарат ұсыну, сондай-ақ денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға
"Ана сезімі - бала тірегі" атты №3 мектепішілік аналар жиналысы
27
январь
2026
"Ана сезімі - бала тірегі" атты №3 мектепішілік аналар жиналысы
" Ана сезімі - бала тірегі" атты тақырыбында №3 мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.  Биылғы жыл мектебімізде "Аналар" жылы болғандықтан тек қана аналар қатысуымен өтті. Мақсаты бала тәрбиесі мен дамуы бойынша ортақ шешімдер қабылдау, ата - ана мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты күшейту, мәселелерді талқылап, алдын - алу жолдарын қарастыру. Жиналыс соңында аналар өз ойларын ашық айтып, жылы лебіздерін білдірді. 
«Заң мен тәртіп – болашаққа бастар жол»
23
январь
2026
«Заң мен тәртіп – болашаққа бастар жол»
«Заң мен тәртіп – болашаққа бастар жол»  атты мектепаралық челлендж – оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға құрмет пен тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталған тәрбиелік іс-шара. Челлендждің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға ынталандыру, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды дамыту. Іс-шара барысында оқушылар заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, құқық бұзушылықтың алдын алу, адалдық пен әділдік құндылықтары туралы
FIZMAT Education Fair – 2026»
20
январь
2026
FIZMAT Education Fair – 2026»
14 қаңтарда ФИЗМАТ қабырғасында өткен «FIZMAT Education Fair – 2026» білім көрмесі білімге ұмтылған жас өрендер үшін тағылымы терең, маңызы зор іс-шара болды. Көрмеге Маханова Гаухар Дуйсенбайқызымен бардық. Алып білім ордасында жиналған №123 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары әлемнің әр түкпірінен келген беделді жоғары оқу орындарының өкілдерімен жүздесіп, болашаққа бастар білім жолдары туралы құнды мәлімет алды. Бұл көрме жас зияткерлердің ой-өрісін кеңейтіп, арман-мұратын айқындап, үлкен
«Отбасындағы әке көшбасшылығы: тәрбие психологиясы және тәжірибе»
20
январь
2026
«Отбасындағы әке көшбасшылығы: тәрбие психологиясы және тәжірибе»
2026 жылдың 20 қаңтар күні, Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, «Адал азамат» - ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың негізінде «Отбасындағы әке көшбасшылығы: тәрбие психологиясы және тәжірибе» тақырыбында «Әке мектебі» бойынша іске асырылған жұмыстар бойынша өтті. Семинарға Әуезов ауданының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Мақсаты: Отбасындағы әкенің рөлін күшейту, әке көшбасшылығы арқылы ұлттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жас
“Мектеп кітапханасы – білім мен рухани дамудың ордасы”
19
январь
2026
“Мектеп кітапханасы – білім мен рухани дамудың ордасы”
Биылғы жылы мектеп оқушыларымен " Кітапхана- табыс аумағы" атты өңірлік акциясысы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірбекова Алтынай бастауыш буыннан орта буынға өткен 5 “В “ сынып оқушыларын мектебімідің кітапханасымен таныстырды. "Мектеп кітапханасы – білім мен рухани дамудың ордасы" демекші, мектеп кітапханасы – оқушылардың білімін тереңдетіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын маңызды мәдени-білім беру орталығы.  Іс-шараның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға
«Әділдік пен заңдылық – қоғам тірегі»
13
январь
2026
«Әділдік пен заңдылық – қоғам тірегі»
«Әділдік пен заңдылық – қоғам тірегі» тақырыбындағы тәрбие сағаты – оқушыларға әділдік, құқықтық мәдениет және заң нормаларын сақтау маңыздылығын түсіндіруге бағытталған, қоғамдағы тәртіп пен бейбіт өмірдің негізін қалыптастыратын тәрбиелік іс-шара. Мұндай сағат арқылы жас ұрпаққа моральдық және құқықтық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сана тәрбиеленеді. Балаларға кіші жастан әділдік пен заңдылықты үйрету маңызды. Заңдарды сақтау арқылы біз өзімізді және басқаларды қорғаймыз.
«Жолда жүру ережесі»
12
январь
2026
«Жолда жүру ережесі»
Бастауыш сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру және қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру болды. Ашық сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланылып, жол белгілері таныстырылды. Оқушыларға жолдан дұрыс өту, жаяу жүргінші міндеттері және бағдаршам белгілері түсіндірілді. Сабақ интерактивті әдістер арқылы өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
12
январь
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Оқушыларға адалдық, еңбекқорлық және табысты болудың өзара байланысын түсіндіру, адал еңбектің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, еңбекке деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 1-11 сынып аралығында, жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары өткізілді.
Мектеп инспекторы жасөспірімдермен кездесуі
08
январь
2026
Мектеп инспекторы жасөспірімдермен кездесуі
Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылық түрлері және олардың салдары туралы ақпарат берілді. Мектеп инспекторы жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.