30
январь
2026
«Қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі»
Мектептегі терроризмге қарсы видеосабақ – білім алушыларға терроризмнің мәнін түсіндіруге, оның қоғамға төндіретін қауіп-қатерін ұғындыруға және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-тәрбиелік бейнематериал.
Көрсетілу мақсаты:
Оқушылардың терроризм туралы түсінігін қалыптастыру;
Террористік әрекеттердің қауіптілігін және олардың алдын алу жолдарын түсіндіру;
Күдікті жағдайлар мен заттарды анықтай білуге үйрету;
Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру;
Қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау және құқықтық сананы дамыту.

