«Адал азамат» - ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың негізінде «Отбасындағы әке көшбасшылығы: тәрбие психологиясы және тәжірибе»
Мақсаты: Отбасындағы әкенің рөлін күшейту, әке көшбасшылығы арқылы ұлттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
– Әкенің бала тәрбиесіндегі психологиялық және тәрбиелік маңызын түсіндіру;
– Ұлттық құндылықтар мен «Адал азамат» тұжырымдамасын отбасылық тәрбиеге енгізу;
– Әкелердің тәрбиелік тәжірибесімен бөлісуіне жағдай жасау;
– Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Іс-шараның мазмұны: Іс-шара барысында отбасы тәрбиесіндегі әке көшбасшылығының маңызы, тәрбие психологиясының негізгі қағидалары, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың бала тұлғасының қалыптасуына әсері кеңінен қарастырылды. Қатысушылар әкенің өнегелі іс-әрекеті, жауапкершілігі мен үлгісі арқылы «адал азамат» тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылады. Тәжірибелік мысалдар мен пікір алмасу арқылы әкелердің отбасындағы тәрбиелік рөлі айқындалды.
Қорытынды: Іс-шара әкелердің отбасындағы көшбасшылық жауапкершілігін арттыруға, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті. Қатысушылар бала тәрбиесінде әкенің үлгісі мен ықпалының маңыздылығын терең түсініп, өз тәжірибелерін жетілдіруге бағыт алды.





