Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз баланың денсаулығы»
29
январь
2026

«Қыз баланың денсаулығы»


   2026 жылғы 29 қаңтар күні "Қыз Жібек" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 6–7 сынып оқушы қыздарына арналған «Қыз баланың денсаулығы» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге арнайы №15 қалалық емханадан гинеколог-дәрігер шақырылды. 
    Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірім қыздардың жас ерекшелігіне сай денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасы туралы түсінік беру, ағзадағы жасқа байланысты өзгерістер жөнінде дұрыс әрі ғылыми ақпарат ұсыну, сондай-ақ денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында төмендегі мәселелер қамтылды:
•    жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық өзгерістер;    
•    қыз баланың жеке бас гигиенасы;    
•    дұрыс тамақтану мен күн тәртібінің маңызы;   
•    денсаулыққа зиян келтіретін факторлардан сақтану;    
•    дәрігерге уақытында қаралудың қажеттілігі.
Оқушылар маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Кездесу ашық, сенімді және тәрбиелік бағытта өтті. Іс-шара соңында оқушыларға өз денсаулығына ұқыпты қарау, қажет жағдайда ересектерге немесе медицина мамандарына жүгіну қажеттігі жөнінде кеңестер берілді.

ДТІЖО: Сыдықова А.Н.

Тәлімгер: Алмас А.А.

Педагог-психолог: Аскерова Е.Р. 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: