02
февраль
2026
Тағылымды кездесу – ерлікке тағзым
Тағылымды кездесу – ерлікке тағзым
Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында Алматы қаласындағы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Жауынгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Мемлекеттік «Айбын» орденінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы — Байдаулет Құрманқожаұлы, сондай-ақ Ауған соғысының ардагері Валиахметов Аят Сайланұлымен тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, ардагерлеріміз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, елге, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рух жайлы жылы лебіздерін жеткізді.
Ардагерлер жас ұрпаққа батылдық, бірлік және отансүйгіштік туралы өнегелі ой айтты. Осындай кездесулер – жас буынның санасына ерлік пен елдік құндылықтарды сіңірудің жарқын үлгісі.
