11
декабрь
2024
Тәуелсіздік мерекесінің 33-жылдығына орай тарихи кездесу болып өтті.
2024 жылдың 11 желтоқсан күні, Тәуелсіздік мерекесінің 33-жылдығына орай тарихи кездесу болып өтті. Мерекелік жиынға желтоқсан оқиғасына қатысушылар Амиржанов Басбатыр Сундетбайұлы, Жумабеков Байдилда Бакбергенович қонақ ретінде шақырылды. Келелі кездесуде сөз алған ардагерлер өздерінің өмірлерінен сыр шертіп, бүгінде тарих төрінен орын алған Тәуелсіздікке қалай жеткені жайлы қызықты оқиғаларын айтып берді.