Адал азамат
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, 2025 жылдың 10 қараша күні, оқушыларға адалдық, еңбекқорлық және табысты болудың өзара байланысын түсіндіру, адал еңбектің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, еңбекке деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 1-11 сынып аралығында, жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары болашаққа саналы қадам жасайтын, ел дамуына үлес қосуға дайын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың азаматтық белсенділігі, құқықтық және моральдық ұстанымдары тереңдетіледі.
Негізгі бағыттар:
Адал азамат – ел болашағы
Конституциялық құндылықтар
Адал еңбек және кәсіби этика
Қоғамдық белсенділік және көшбасшылық
Өмірлік мақсат пен жауапты таңдау
