---
«Қыз баланың денсаулығы»
«Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушыларының қыздарына арналған «Қыз баланың денсаулығы» тақырыбында №15 қалалық емханасының гинеколог-дәрігерімен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірім қыздардың жас ерекшелігіне сай денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасы туралы түсінік беру, ағзадағы жасқа байланысты өзгерістер жөнінде дұрыс әрі ғылыми ақпарат ұсыну, сондай-ақ денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.