«Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі»
6 қазан күні Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназиясында "7 қазан - Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай 8–11 сынып оқушыларына арналған «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтау мен нығайтудың жолдарын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және оқушылардың жеке жауапкершілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, күн тәртібін