16
март
2026
«Отбасы – тәрбие бастауы»
2026 жылғы 16 наурыз күні мектепте Жаңару күні мерекесіне орай «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында бейнеролик дайындалып, оқушыларға ұсынылды. Аталған бейнероликтің мақсаты – оқушылардың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру және ұлттық тәрбиені насихаттау.
Бейнероликте отбасының қоғамдағы маңызы, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттер кеңінен көрсетілді. Шара барысында оқушылар бейнеролик арқылы отбасының адам өміріндегі орны ерекше екенін түсініп, отбасылық бірлік пен сыйластықтың маңызын ұғынды.
Толық ақпарат: https://www.instagram.com/reel/DV6BZNoDCAi/?utm_source=ig_web_copy_link
