Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәртіп, талап, жауапкершілік» ұлдар жиналысы
16
апрель
2026

«Тәртіп, талап, жауапкершілік» ұлдар жиналысы

 8–11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында «Тәртіп, талап, жауапкершілік» атты ұлдар жиналыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірім ұлдардың тәртібін нығайту, құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.

Кездесу барысында төмендегі мәселелер қамтылды:

  • оқушылардың мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері;
  • құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары;
  • әскери-патриоттық тәрбие және Отан алдындағы борыш;
  • зиянды әдеттердің (темекі, ішімдік және т.б.) алдын алу;
  • салауатты өмір салтын ұстану және спортпен шұғылданудың маңызы;
  • үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзін-өзі ұстау мәдениеті;
  • жауапкершілік пен тәртіптілікке баулу.

Жиналыс барысында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап алмасу өтті. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер талқыланды.

Жауаптылар: ДТІЖО - Құрманбеков Ә.Е. , АӘД пәні мұғалімі Сайын А.Ж.  және мектеп инспекторы Б.Б.Жанболат,

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: